2021-2022 жылдарға жылу маусымына дайындығы пысықталды. Өткен жылу маусымында 1975 көпқабатты үйлер орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылып, қажетті жылумен қамтылған. Биыл «3- Энергорталық «АҚ қысқы маусымға дайындық жұмыстарын жүргізуге 680 млн. теңге бөлінген.
Әзірге 27 млн. теңгеден астам қаражаты игерілді. Жылу орталығындағы №1 турбоагрегаттың ағымдағы жөндеу жұмыстарына 20 млн, №2 турбоагрегатты жөндеуге 18 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, күрделі жөндеуден №2 қазандық өтеді. Бұл жұмыстарды жүргізуге 245 млн. теңге қарастырылған.
Ағымдағы жөндеуден орталықтағы №3-ші қазандықты өткізу жоспарланған. Бүгінде көпқабаты үйлердің 36 пайызында сығымдау жұмыстары жүргізілді. «Қуатжылуорталық-3» мекемесінің тарапынан бүгінде тозығы жеткен магистралды және орамішілік құбырларды алмастыру жұмыстары қолға алынған. Жиынды қорытындылаған қала әкімі жоспарланған жұмыстарды кестеге сәйкес сапалы жүргізуді сала мамандарына тапсырды.
Шынар Оразова