Шымкентте өткен тәулікте коронавирусты жұқтырған 47 жағдай анықталды

42

Шымкентте өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 47 жағдай тіркелді. Оның 34 симптоммен, 13 симптомсыз. Оның ішінде 14 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 33 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияда 328 адам (КВИ – 189, пневмония – 139) ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Қазіргі уақытта қаладағы мамандандырылған инфекциялық орталықта 826 төсек-орын бар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде қалада 5891 адам вакцина алды
(I компонент-3643, II компонент-2248). Егу науқаны басталғалы барлығы 239 524 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 141 328 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Айта кетейік, медицина мамандары қала тұрғындарына карантин уақытында сақтық шараларын қатаң сақтауын ескертеді. Әр адам бетперде тағып, көп шоғырланған жерге бармай, қоғамдық жерлерде арақашықтық сақтап жүруі тиіс.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі