«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 50 көшеге QR-коды бар тақтайшаларды ілу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, Ақжайық, Наурыз, Сәуле, Отырар, Көркем (Забадам), Химфарм, Самал-2, Түркістан шағынаудандары мен аудан орталығында орналасқан көшелерге ілінуде.
Аталған жұмыстар ағымдағы жылы өткізілетін «ҚР халқының ұлттық санағын» тиімді әрі жоспарлы түрде өткізуге мүмкіндік береді. Себебі тақтайшадағы QR-кодты тұрғындар ақпараттық көмек құралы ретінде пайдалана алады. Бұл бірегей қосымша орнатылған нысан жайында кеңінен таныстырып, бірнеше функционалдық қызмет түрін көрсетеді.
Жалпы Цифрлы Қазақстан жобасын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үйге және 75 көшеге QR код және индексі жазылған жаңа үлгідегі тақтайшалар орнатылды.