Бірқатар елді-мекендерде уақытша электр қуаты сөндірілді

77

Шымкент қаласындағы 3-Энергоорталығында жоспарлы жөндеу жұмыстары 2021 жылдың 7 -11 шілде аралығында жүргізіледі. Осыған байланысты, қала аумағында электр қуатының шектелуі орын алуда.

Қазіргі уақытта, Тельман, Қызылжар, Коммунизм, Киров, Қазығұрт, Ақжар, Қарабастау, Сауле, Самал-1, “Отау” ТК , Нуртас, Қарабастау, Ворошиловка, Қайтпас-1, 2, Ақжайық, Тұран, Таскен, Тұрлан, Ынтымақ елді-мекендерінде уақытша электр қуаты сөндірілді.
Қала тұрғындарын түсіністікпен қарауға шақырып, уақытша келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!