Енді ЭЦҚ-ны флешкамен алып жүрудің қажеті жоқ

135

Енді ЭЦҚ-ны флешкамен алып жүрудің қажеті жоқ. Цифрлы қолтаңба бұдан былай биометриялық деректер бойынша жұмыс істейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамандарының сөзінше, жүйе енді файл түрінде болмайды. Электрондық цифрлық қолтаңбалар қашықтағы серверлерде сақталады.

Сүйеніш Әбділдин, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары:
«Осы уақытқа дейін көпшілік ЭЦҚ-ны жоғалта берген соң, осындай жүйе жасап шығардық. Биометриялық деректердің бәрі біздің серверде сақталады. Азаматтар оны кез келген уақытта арқылы қолдана алады».

Сондай-ақ, енді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында сақтандыруға болады. Яғни, мүлікті тіркегеннен соң, сақтандыруды сол оператор ресімдеп береді. Оның үстіне бұдан былай жүргізуші куәлігін алу қиындауы мүмкін. Себебі, емтиханды бақылау күшеймек. Тест тапсыруға кірген адам енді аудио-бейне фиксациядан және биометриялық сәйкестендіруден өтеді.