Мүгедектік алу мәселесі қалай жүзеге асуда?

141

Мүмкіндігі шектеулі жандардың медициналық-әлеуметтік сараптама мамандарына қояр сауалы көп. Осы орайда, көптің көкейінде жүрген сауалдарға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамалық және бақылау бөлімінің басшысы Сырым Жамалбекұлы Шонанов жауап береді.

 

– Бүгінде Шымкент қаласында неше мүмкіндігі шектеулі азамат бар?
– Қазіргі таңда республика бойынша 700 мыңға жуық мүгедек бар. Оның ішінде Шымкент қаласында 36 880 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Ол қала тұрғындарының 3-4 пайызын құрайды.
– Жыл сайын азайып жатыр ма, әлде …
– Әрине, артады. Өйткені халық саны артып жатыр ғой. Оңтүстік өңірінде туу көрсеткіші жоғары екені белгілі…
– Мүгедектікке шығудың қандай критерилері бар?
– Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің қағидаларына сәйкес мүгедектік тағайындалады. Ол қағидалардың 9 критериі бар. Соған сәйкес организм функцияларының тұрақты тіршілік шектеулеріне қарай тағайындалады.
– Мүгедектік тағайындайтындай белгілеріне байланысты соңғы кездері қандай ауру түрлері көбейіп жатыр?
– Соңғы жылдары онкология, яғни, қатерлі ісік аурулары көбейіп жатыр. 80-90-шы жылдары тексеретін аппараттар қолжетімді емес еді гой. Бүгінде МРТ, КТ аппараттарының сан түрлері шығып жатыр. Солардың нәтижесінде қатерлі ісіктерді емдеу қолға алынуда. Бұрындары олар бізге жетпей қайтыс болып кететін. Медицина мекемелері емдеп, бізге жолдайтын. Бұдан бөлек, қан айналымы аурулары да көбейіп жатыр.
– Осы салада қандай жаңалықтарыңыз бар?
– Мүгедектік мерзімдері 6 ай, 1 жыл, 2 жыл немесе мерзімсіз тағайындалатын. 2020 жылдан бастап 5 жылға тағайындалатын болды. 18 жастан асқандарға мерзімсіз мүгедектік тағайындау ауруларының қатары көбейді. Ақыл ойы өте төмен науқастар қосылды. Олар 16 жасқа дейін мүгедек болса…

– Қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік: кімдерге тағайындалады?
– 18 жастан асқан азаматтарға анатомиялық кемістіктері бар яғни, 1 топ мүгедегі, яғни, екі көзі толық көрмейтін жағдайда, екі аяғының 3- тен бір бөлігінің тұқылы, 3 топқа бір көзінің мүлде көрмеуі, екі құлағының естімеуі, тұқылдар, өмір бойына мүгедектік тағайындалады.

– Карантинге байланысты мәселен мүгедектікті белгілеуде онлайн өткізіп жүрсіздер ме?
– Былтыр төтенше жағдай енгізілуіне байланысты онлайн режимге өттік. Алғашында халық қиналды. ЭЦҚ арқылы құжаттарды өткізу керек болды. Бірақ біз кезекшілер тағайындадық. Өздері құжаттарын жібере алмайтындарға көмек қолын созды. Кейінірек жұмыс өз арнасына түсті.