Сауран қалашығында ұлттық аспап — домбыра ұлықталды

111

Түркістан облысында Ұлттық Домбыра күніне орай «Домбыра үнімен бой көтерген жаңа Сауран» атты күйшілер флешмобы өтті. Шараның басты мақсаты – қазақтың күйі арқылы тарихы терең, сырын талай ғасыр ішіне бүккен Сауран қалашығының жаңа таңы атқанын, енді ғана құрылған Сауран ауданының жаңа дәуірі басталғанын насихаттау.

Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен домбыраны ұлықтау шарасында өнерпаздар тобы Түргештің «Көңіл ашарын», Құрманғазының «Балбырауынын», Динаның «Науысқа» күйлерін орындады.

Атап өтейік, 2018 жылы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол қойып, шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні деп белгіленген.

 Әлихан Файзханов