Шымкентте 7 адамда «дельта» штамы болуы мүмкін деп күдіктелуде

232

Шымкентте коронавирус індетін жұқтырған 7 адамда «дельта» штамы болуы мүмкін. Санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті осылай деп мәлімдеді.

Үнді штамын жұқтырған деп күдіктелгендердің бірі маусымның 20-сы күні дүниеге келген нәресте. Нәтиже лабораторияның бірінші сатысында анықталған. Алайда, короновирус індетінің үнді штамын анықтау бірнеше саты арқылы жүзеге асырылады. Ал әлі бір айға толмаған бүлдіршін Ковид-19 індетін анасынан жұқтырған екен.

Айгүл Тұрымбетова, Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: «Біздің қаламызда соңғы жағдай бойынша 20 – маусымда туылған нәрестеде ковид анықталды. Оның жағдайы анасының клиникалық симптомдары болған екен. Тексеріліп, балаға анасынан жұқтырғаны белгілі болды. Ол нәрестенің клиникалық көрсеткіштері дене қызуы көтерілген, мазасызданған, іші өткен. Суықтаған сияқты басталып отыр. Бірақ Ковид 19 індетіне тексерген кезде оң нәтиже беріп отыр. Соның себебінен де «дельта» деп айтып отырмыз».

Сала жауаптыларының сөзінше, соңғы кездері жастардың арасында кви жұқтыру артып жатыр. Мәселен, соңғы екі аптада үшінші мегаполисте 908 адамнан қауіпті індет анықталған болса, соның 148-і 18 жасқа дейінгі балалар екен.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының «қызыл» аймаққа кіруіне байланысты шаһардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің эпидмиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін карантин режимін ұзарту туралы жаңа қаулысы шықты.

Енді халыққа қызмет көрсету объектілерінің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандары мен сауда орындарының және тағы өзге халықпен тығыз байланыста болатын ұйымдардың вакцина салдырмаған қызметкерлеріне күндізгі жұмысқа келуі шектелді.

  Мөлдір Ибадуллаева