Шымкентте жастарды әскерге шақыру үшін зерделеуде

88

 

Шымкенттің қорғаныс істері жөніндегі басқармаларында 2021 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны алдында зерделеу жұмыстары өтуде. Алдағы күзде елімізде жеті мыңға жуық ер-азаматтарды зерделеу жоспарланған.

Әскерге шақырылушыларды зерделеу ауқымды жұмыс болып табылады және сауалнамалық деректерді нақтылаудан басталады. Одан кейін әрбір әскерге шақырылушымен және оның ата-аналарымен әңгімелесу парақтарын толтыра отырып, зерделеуге жауапты лауазымды адамдардың жеке әңгімелесуі жүргізіледі.

Зерделеу жұмыстары кезінде болашақ Отан қорғаушылардың әскердің қандай түрлері мен тектерінде қызмет өткеруге дайындығын алдын ала анықтауға мүмкіндік береді және болашақ сарбаздардың әскерге шақырылғанға дейін алған мамандықтары міндетті түрде ескеріледі. Сондай-ақ, олардың моральдық және іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, дене дамуы, жалпы білімі мен арнайы дайындығы, отбасылық жағдайы туралы ақпарат нақтыланады.

Әскерге шақырылушыларды зерделеу барысында әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар, тергеуде жүргендер, заңсыз қоғамдық бірлестіктердің және дәстүрлі емес діни ағымдардың мүшелері ретінде арнайы есепте тұрғандарға да көңіл бөлінеді.

Бұл шараға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер мен денсаулық сақтау органдарының өкілдері және жергілікті басқару органдарымен бірлесе жұмыс жүргізіледі.

Айта кетсек, 2021 жылдың көктемінде Шымкенттен әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға заңды құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы жеті жүзден астам азаматтар Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке жіберілген.