Түркістандық кәсіпкерге талапқа сай емес өнімді сатқаны үшін 900 мың теңге айыппұл салынды

70

 

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің техникалық регламенттердің талаптарын бақылау бөлімі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің облыс аумағына әкелінуін, өндірілуін, және олардың сауда айналымында қолданылуын анықтау мақсатында тұрақты түрде зерделеу жұмыстарын жүргізіп отырады. ​​​​​

Жыл басынан бері мониторингілеу шеңберінде облыс аумағындағы дүкендерден 1571 тауар сатып алынып, зертханалық зерттеу жүргізілді. Алынған өнімердің 72 сынамасынан сәйкессіздіктер анықталды. Сәйкессіздіктердің 75% таңбалау көрсеткіштеріне байланысты анықталды

Сараптама нәтижелері бойынша адам өміріне, денсаулығына қауіпті, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің анықталуына байланысты, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес 21 кәсіпкерге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, құны 38900 теңгені құрайтын өнімдер сауда сөрелерінен алынып тасталды.​​

Сондай-ақ, өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабы 1-тармағына сәйкес, микробиологиялық көрсеткішінен сәйкессіздіктің анықталуына байланысты балмұздақ өндіруші кәсіпорынның біріне 310 АЕК көлемінде 904 270 теңге айыппұл салынды.