Жалған ПТР-тест, вакцинация паспорттарын жасау фактілеріне қатысты мәлімдеме жасалды

126

Ағымдағы жылдың  басынан  ішкі істер органдары ПТР-тестілеу нәтижелері мен вакцинация паспорттарын қолдан жасаудың, сондай-ақ оларды пайдаланудың 30 жағдайын тіркеді. Мысалы, Алматы қаласында қажылардың Сауд Арабиясы Корольдігіне кетуін рәсімдеу кезінде вакцинациялау паспорттарын (143 паспорт) жаппай дайындауға қатысы бар туристік компания анықталды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тінту іс-шаралары барысында ұйымдастыру техникасы, мөрлер, бланк өнімдері алынды, сот сараптамалары тағайындалды.

Еске сала кетейік, жалған құжат дайындағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар сіз алаяқтардың құрбаны болуыңыз мүмкін. Интернет желісіне мониторинг жүргізу кезінде біз деректер базасында ресми тіркелген анықтамаларды немесе вакцинация паспорттарын дайындау туралы жалған ұсыныстарды анықтаймыз.

«Біз қазірдің өзінде уәкілетті органға бұғаттауға жататын осындай 35 хабарландыруды анықтадық. Ішкі істер министрлігі осы аурумен байланысты барлық қылмыстық көріністерге ерекше назар аударады. Құрметті азаматтар, өзіңізді қылмыстық процеске тартуға жол бермеңіз және туыстарыңыз бен жақындарыңызды осындай әрекеттерден қорғаңыз», – дейді Қазақстан ішкі істер министрі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қайрат Нұрмағамбетов.

Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі