Жедел жәрдем қызметкерлері жұмыссыз қалмақ па?

153

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының жедел жәрдем қызметкерлері жұмыссыз қаламыз деп қауіптеніп отыр. 4-ші категорияға жататын бригадаларды басшылық таратпақ екен.

Бірақ оларды басқа қызметке орналастыруды қарастырыпты. Алайда, медицина мамандары оған келіспей отыр. Бас дәрігердің сөзінше заңнама бойынша жедел жәрдем саны артық дейді. Шағымдарын айтып жиналған фельдшер және жүргізушілермен тілшіміз кездесіп қайтты.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының жедел жәрдем қызметкерлері жұмыссыз қаламыз ба деп қорқады. Айтуларынша, орталық ауруханаға қарайтын 4-ші категориялы фельдшерлер мен жүргізушілерден тұратын бригадаларды таратпақ. Басшылық медицина мамандарын басқа емханалардағы уақытша бос орынға мейірбике, жүргізушілерді күзетші немесе бақташы етіп ауыстыратын болыпты. Бірақ жиналғандар бұл уақытша құбылыс дейді. Бос жұмыс орынның заңды иесі келгенде далада қаламыз дейді.

«Мүлде Қазығұрт ауданында 4-ші категориялы жедел жәрдем керек жоқ деп жатыр. Сендер шығынсыңдар дейді. Ақтамайсыңдар сендер шақыру саны аз дейді. Бізде бірақ шақырылым өте көп. Кеше 7-сі күні Тұрбат ауылына 3 сағатта жетіп бардым астматик адамға», дейді мамандардың бірі.

Арыздарын айтып жиналғандар жұмыс орнынан бөлек қызмет уақытындағы мәселелерін де айтты. Сөздерінше, жедел жәрдем көлігі көп бұзылады. Оны жөндеуге өз қалталарынан қаржы шығарады екен.

Тез арада қалпына келтірмесек, жалақы жүрмейді дейді. Ал, аурухана арқылы саймандарына тапсырыс берсе ұзақ уақыт алатынын жеткізді. Көлік жөнделмесе тіпті жеке көліктерімізбен жұмысқа шығамыз дегендер кейде жанар жағармай таппай, оны да өз қалталарынан құятындарын айтады.

Наразылық білдірген жедел жәрдем қызметкерлерімен Қазығұрт аудандық орталық аурухананың бас дәрігері кездесті. Оның айтуынша, жедел жәрдем топтары артық. Оларды ұстап тұру қаржыны талап етеді дейді. Ал, 4-ші категориялы жедел жәрдем бригадаларын бұған дейінгі басшылық еткен бас дәрігер қабылдаған екен. Осы кезге дейін сегіз 4-ші категориялы жедел жәрдем бригадаларының болғанын айтады. Оның біреуін таратып үлгерген. Енді жақын арада үшеуін, екі айдан кейін қалған төрт бригаданы тарататынын жеткізді. Бас дәрігер мұның бәрін заң аясында істеп жатырмын дейді. Оның себебін былай түсіндіреді.

Бейбіт Төреханов, Қазығұрт аудандық орталық аурухананың бас дәрігері: «Қазіргі таңда бізде РПН-ге тіркелген 106 926 халқымыз бар. Енді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 450 бұйрығы бойынша әр 10 мың халыққа 1 жедел жәрдем бригадасы ашылуы қажет. Біздің ауданымызда облыстық жедел жәрдем станциясының филиалы бар. Ол жерде 10 бригада. Бізде 8 бригадамыз бар 4-ші категория шақыртатын. Жалпы ауданда 18 бригада болып тұр. Ал енді 18 бригада ашылу үшін халық саны 180 мың болуы керек».

 

[contact-form][contact-field label=»Name» type=»name» required=»true» /][contact-field label=»Email» type=»email» required=»true» /][contact-field label=»Website» type=»url» /][contact-field label=»Message» type=»textarea» /][/contact-form]

Бас дәрігер жедел жәрдем топтарының таралуы медицина қызметінің сапасына еш әсер етпейді деп сендіріп отыр. Ал, көліктердің тозығы жеткенін мойындайды. Алайда, оларға қосалқы бөлшектерді сұранысқа қарай берілетінін айтады. Жедел жәрдем қызметкерлері болса бригадаларды таратпауды талап етеді. Енді олар еңбек инстпекциясы мен облыстық прокуратураға арыз түсірмек.