Арыста жүк пойызынан өрт шықты

120

2021 жылы 6 тамыз күні сағат 16: 25 минутта Арыс қаласы, «Арыс» теміржол вокзалы, жүк пойызы №54755392 металл контейнерінде өрт шықты.

«ҚТЖ» АҚ күштерімен вагон пойыздан ажыратылып өзге жолға қойылды. Бұл оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ.

Өрт болған жерде өртті сөндіру бойынша штаб құрылды. Қазіргі уақытта төтенше жағдайға 26 қызметкер мен 5 техникасы жұмылдырылды, «ҚТЖ» АҚ 12 қызметкер, 1 бірлік техникасы мен өрт сөндіру пойызы, ЖПБ 20 қызметкері мен 1 техника бірлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 44859 әскери бөлімінен 8 әскери қызметші және 2 бірлік техникасы, Арыс аудандық санитарлық -эпидемиологиялық бақылау бөлімінен 3 қызметкер және 1 бірлік техника жұмылдырылды. Сағат 19-22 өрт оқшауланды.