“Әскери бөлімдердегі жарылыстар тағы да қайталануы мүмкін»

87

Арыстан аман қалған оқ-дәрі жабдықтарын Жамбылдағы әскери бөлімде сатпақ болған. Осылай деген отставкідегі генерал-майор шенділердің Президент тапсырмасын сол күйі орындамағанын айтады.

Ержан Исақұловтың сөзінше, билік әскери бөлімдердегі былықты қолға алмаса, жарылыс тағы да қайталануы мүмкін.

Және де зейнеттегі шенді әскери бөлімде оқ-дәріден хабарсыз адамдар жұмыс істегенін айтады. Кесірінен бірнеше әскери мерт болды дейді. Осыдан кейін оқ-дәрі қоймаларына білікті қызметкерлерді қоюды ұсынды. Әйтпесе, жарылыс салдарынан қаза тапқандар қатары бұдан кейін де артуы мүмкін.

Назерке Үкібасова