«Дрон ұшты, жарықты өшіріңдер!»…

419

Сайрам ауданы әкімдігінің мобильді топ мүшелері мен аудандық полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында мобильді топ құрамында мониторинг жұмыстарын қарқынды жалғастыруда.

Қарабұлақ ауылдық округінде жүргізілген рейдтік іс-шара барысында Сайрам қақпа көшесі 17 үй тұрғыны салтанатты жиын өткізіп жатқаны анықталды.

Нәтижесінде той тоқтатылып, карантин талаптарын бұзған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес, тиісті шара қолдану үшін жинақталған іс-құжаттар толтырылды.

Айта кетейік, бұл Қарабұлақ елді мекенінде карантиндік шектеулерге қарамастан өткен бір күнде екінші мереке, екеуі де үйлену той.

Үйдің үстінен дронмен түсіріле бастағанын көрген той иесі «Дрон ұшты тез жарықты өшіріңдер, жиналған көпшілік көрінбесін» жарықты өшіре жөнелді.

Осылайша қақпадан емес, үйдің үстінен түсірілген бейне жазба арқылы өткізілген отбасылалық жиын әшкере болды.