Úı ANONS Жүгенсіз жүргізушілерді дрон ұстап беруде

Жүгенсіз жүргізушілерді дрон ұстап беруде

фото ТОПД
Түркістан облысы Жетісай ауданында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Республикалық маңызы бар автожолдарда бақылау күшейтіліп, заманауи технологиялар, соның ішінде пилотсыз ұшу аппараты (дрон) кеңінен қолданылуда. Бұл тәсіл қозғалысты тиімді қадағалауға және құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік беруде.
Нәтижесінде дрон көмегімен қарсы бағытқа шығып, өзге қозғалыс қатысушыларына қауіп төндірген 4 жүргізуші анықталды. Аталған құқық бұзушылықтар дер кезінде тоқтатылып, кінәлі тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданды.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтау – адам өмірі мен қауіпсіздігінің басты кепілі екенін ескертеді. Осыған байланысты жүргізушілерді мұқият болып, белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырады.