Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында апатты-қауіпті учаскелер ерекше бақылауға алынып, дрондар кеңінен пайдаланылуда. Заманауи технологиялардың көмегімен жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілер жедел анықталып, патрульдік полиция қызметкерлері тарапынан тиісті шаралар қолданылып жатыр.
Мәселен, Ордабасы ауданы аумағындағы апатты учаске саналатын Бадам–Арыс автожолы бойында дрон арқылы қарсы бағытқа шығу дерегі анықталып, «Toyota» маркалы автокөлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік шара көрілді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың өзге де деректері тіркеліп, құқық бұзушыларға заң талаптарына сәйкес шаралар қабылданды.







