Халықаралық туризм және меймандостық университеті 800 атаулы гранттарын ұсынады

230

Халықаралық туризм және меймандостық университеті – Қазақстандағы туризм мен қонақжайлылық саласында халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандарды дайындайтын бірінші мемлекеттік профильді университет.

Халықаралық туризм және меймандостық университеті сіздерге келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды ұсынады:

В091-Туризм
В093-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Оқу ордасы жоғары сапалы білім береді, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметпен белсенді айналысады, сонымен қатар көптеген халықаралық ұйымдармен және қауымдастықтармен бірлесе жұмыс атқарады.

Университет студенттері халықаралық ұйымдарда бірегей қарым-қатынас тәжірибесімен қатар сапалы білім алады, өз саласының әйгілі мамандарымен бірге оқуға және бүкіл әлем бойынша кәсіби тағылымдамадан өтуге мүмкіндікке ие болады.
Неліктен студенттер Халықаралық туризм және меймандостық университетін таңдайды?

Бизнеске бағытталған білім беру бағдарламалары мен мамандықтардың кең ауқымы.
Ірі әлемдік компаниялар мен «Rixos Antalya» қонақүйлерінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі, Түркия Республикасы.
Сапалы оқу мен керемет өмір сүру жағдайлары.
Жоғары білікті оқытушылар.
Жоғары топтағы студенттер Дүниежүзілік туристік ұйымында (UNWTO) білімі мен дағдыларын жетілдіреді.

2021-2022 оқу жылына Мәдениет және спорт министрлігінен университетімізге «В091-Туризм», «В093-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» және «В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары бойынша 800 грант орындары бөлінді. Талапкерлердің міндетті түрде бейіндік пәндері география және шет тілі болуы қажет. ҰБТ – ның жалпы балы 50-ден жоғары. Бұл ретте ҰБТ-ның әр пәні бойынша кемінде 5 балл болуы қажет!

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің грант конкурсына құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 20 маусымы мен 19 тамызы аралығында жүргізіледі. Байқаудың қорытындысы 2021 жылдың 20-22 тамызы аралығында белгілі болады.

Халықаралық туризм және меймандостық университеті туралы қосымша ақпаратты ресми сайттан, сондай -ақ келесі байланыс телефоны арқылы алуға болады:
Мекен-жайы: 161200, ҚР, Түркістан қ., Рабиға Сұлтан Бегім көш., 14Б.
WhatsApp: +7 (707) 317-43-56, +7 (708) 225-83-27, +7 (777) 649-74-81, +7 (701) 703-57-57.
Instagram @tourism_university.