Жамбыл облысы: Алысқа ұшып жарылатын снарядтар жоқ

108

Қорғаныс министрі, Төтенше жағдайлар министрі және қорғаныс ведомствосының комиссиясы мінген ұшақ Жамбыл облысына ұшып келді.

Лауазымды тұлғалар оқиға орнына шықты.

Инженерлік оқ-дәрілердің жанып жатқанын өрттің динамикасынан байқауға болады.

Инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жалғасып жатқан өрт сол жерде сақталған тротилдың жануынан туындауы мүмкін.

Аспандағы түтін іздері қоймада сақталған сигналдық патрондардың өртенуіне байланысты болуы да ықтимал.

Арыс қаласындағы өрт салдарын жойғаннан кейін аталған қоймаға инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі шығарылғанын айта кеткен жөн. Бұл қоймада алысқа ұшып жарылатын снарядтар жоқ.

 

QAINAR KÓZ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрліг