Жамбыл облысына көмек көрсету үшін Шымкент қаласынан көмек жөнелтілді  

121

 

26.08.21 Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылы Жаңатұрмыс ауылдық округінен 10 шақырым жерде ҚР ҚМ №28349 әскери бөлімінің аумағында сағат 17-50 оқ-дәрі қоймасынан өрт шықты.

26.08.21 ж.сағат 23-00-де ТЖ орнына өзара іс-қимыл нұсқаулығына сәйкес Шымкент қ. ТЖД күштері мен құралдары жіберілді: 8 бірлік техника, 33 адам және 1 бірлік пилотсыз ұшу аппараты (дрон).

ТЖД күштері мен құралдары – 1 бірлік ПҰА (пилотсыз ұшу аппараты) «DJI Matrice 200» макс, ұшу уақыты 30 мин. және 1 қызметкер;

Шымкент қ. «ӨСжАҚЖҚ» ММ – 7 бірлік техника (оның ішінде 1 бірлік техника қызметтік машина, 5 бірлік техника АЦ және 1 бірлік техника КАМАЗ-43114 НЕФАЗ) және 29 адам;

Апаттар медицинасы орталығының филиалы – 1 бірлік техника және 3 адам.
Шымкент қаласы ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына 27.08.21 ж.сағат 04.05-те келді. Қазіргі таңда Жамбыл облысы Байзақ ауылындағы Сыдық Абланов атындағы мектептің жанында.

Штаб жарылыс орнынан 10 км қашықтықта орналасқан. Қазіргі уақытта штабтың нұсқаулары күтілуде.