2 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

170

Шымкентте 2 жасар бала көп қабатты үйдің 8-қабатынан құлап қайтыс болды. Оқиға 14 қыркүйек сағат 20:40 шамасында «Нұрсәт» шағынауданында орын алған.

Анықталғандай, 2019 жылы туған қыз бала бірнеше минутқа бөлмеде жалғыз өзі ата-анасының қарауынсыз қалған көрінеді. Содан терезенің жақтауына барып, құлап кеткен.

Айта кетейік, жыл басынан бері қала аумағында балалардың терезеден құлауының 6 жағдайы тіркеліп отыр. Оның үш жағдайында балалар көз жұмып, үшеуінде жарақат алды.

Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Әлихан Файзханов