Шымкент қаласындағы Ұ. Арғынбеков және Жібек жолы көшелерінен бастап №2 коллекторға дейін канализациялық құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Коллектордың ұзындығы 13,1 шақырымды құрайды.
2020 жылдың қазан айында басталған жұмысының қазіргі таңда 60 пайызға жуығы аяқталған. Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков құрылыс жұмыстары жыл аяғына дейін аяқталатын айтты.
Коллекторға , Сайрам, Азат, Тассай, Мирас, Нұртас, Ұлағат, Шапағат, Солтүстік-шығыс және Самал-3 шағын аудандары қосылмақ. Айта кетейік, сондай-ақ биыл қала тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту мақсатында 13 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.
Гүлдана Дәурен