Елдімекендерге кәріз жүйесіне қосылу мүмкіндігі туды

213

Қала аумағындағы елдімекендерді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету бағыты бойынша ағымдағы жылға жоспарланған 10 нысанның құрылыс жұмыстарына  бюджет есебінен 1,7 млрд теңге қаржы бөлінді.

Оның ішінде 639,0 млн республикалық бюджеттен, 1,1 млрд- жергілікті бюджеттен қаралған,жұмыстар жүргізілуде. Ұ. Арғынбеков көшесінен №2 коллекторға дейін, Самал-1, Самал-2, Достық, Асар-2,Ұлағат, Мирас-Шапағат, Самал-3, Тассай, Тоғыс коллекторы.

12,5 шақырымды құрайтын магистралдық кәріз коллекторының құрылысы аяқталып, 12 мың халқы бар 5 елдімекенге  (Тоғыс, Жыланбұзған, Елтай, Бадам, Маятас) кәріз жүйесіне қосылуына  мүмкіндік туады, дейді қалалық энергетика және коммуналдық шрауашылық басқармасындағылар.

Сонымен қатар, қаланың 2030 жылға дейін кәріз жүйесін дамыту Бас жоспарына сәйкес, қала аумағында 2 кәріз тазалау имаратының құрылысын жүргізу жоспарға қойылған. Қазіргі таңда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі толығымен әзірленіп, «Тұрғын үй-комманлдық  шаруашылығын дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ келісілген. 2021 жылы  жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу, 2022-2025 жылдар аралығында  құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Шынар Оразова