Қала әкімі инфрақұрылым жүйелерінің құрылысымен танысты

124

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар инфрақұрылым жүйелерінің құрылысымен танысты. Алғашқы нысан- №28 кәріз сорғы станциясының және №2 коллекторға дейінгі магистралды кәріз коллекторының құрылысы.

Ұзындығы 12,9 шақырым коллектордың және №28 кәріз сорғы станциясының құрылысы былтыр мамыр айында басталған болатын. Жоба құны – 3 138,6 млн теңге.

Қала әкімі аталған нысандардың құрылысында қазірден сапаға көңіл бөлуді тапсырып, құрылыс барысын тұрақты бақылап отыратынын айтты. Сондай-ақ, құрылыс техникаларының тазалығына да мән беруді міндеттеді.

Нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде, ағымдағы жылы құрылысы жүргізілетін Мирас, Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік-Шығыс, Тассай, Нұртас елдімекендердегі кәріз жүйесі осы коллекторға қосылатын болады.

Шынар Оразова