Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері Жамбыл облысы елді мекендерінің зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетті

120

 

Жамбыл облысындағы төтенше жағдай туралы хабарды алғаннан кейін Шымкент қаласы ТЖ департаментінің мобильді бригадасы құрамындағы Апаттар медицинасы орталығы Шымкент қаласы бойынша филиалының медициналық бригадасы оқиға орнына келді. Бірнеше сағаттан кейін бригада жұмысқа кірісті. Зардап шеккен халықтың 300-ден астам адамы медициналық және психологиялық көмек алды.

Жарылыстар тоқтады, тұрғындарды эвакуациялаудың үйлесімді жұмысының арқасында ауыл бос болды, алайда дәрігерлер жұмыссыз қалмады. Олар эвакуация пункттерінде, ТЖ салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарына тұрғылықты жері бойынша шұғыл көмек көрсетті.

Қорқыныш, дүрбелең, қатты уайымға салыну адамдарда күйзеліс, жоғары қысым пайда болуына алып келді. Сағаттап күту, жайсыз жағда болу, шаршау адамдардың созылмалу ауруларының асқынуына алып келіп, қалыпты жағдайдан шығарып, лардың психоэмоцианалдық жағдайының күрт нашарлауына себеп болды.

ТЖ туындағаннан кейінгі алғашқы сағаттарда тәулік бойы жұмыс істейтін «қауырт желі» телефондары ашылды. «Қауырт желінің» міндеті – жақындарын таба алмайтын немесе өздері зардап шеккен адамдарға, жағдайдан қатты қорқатын адамдарға психологиялық көмек көрсету. Бұл тапсырманы филиалдың психологы Еңілік Сапарбай өте жақсы орындады.

Шымкент филиалының психологы төтенше жағдай болған кезде 50-ден астам ересек халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсетті, бұл оқиға мен оны сезінумен байланысты уайымдардың физикалық және психологиялық факторларының жағымсыз әсерін төмендетуге мүмкіндік берді.

Жалпы алғанда, 400-ге жуық адам, оның ішінде 100-ден астам бала медициналық бригададан көмек алды.