Атаулы әлеуметтік көмек алып беремін деп, алдап кеткен азамат ұсталды

131

2021 жылдың 16-қыркүйегінде Абай АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Онда, белгісіз тұлға «Атаулы әлеуметтік көмектен» қаражат шығарып беремін деп, 600.000 теңге ақшасын алып, алдап кеткенін көрсеткен.

Абай АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларымен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер тұрғындарға бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді.