Covid-19: Тағы да 2 438 адамның кви жұқтырғаны анықталды

51

Елімізде өткен тәулікте 2 438 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 81-і Шымкентте, 58-і Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 2 944-ке жетіп отыр. Оның 24-і Шымкенттіктер тұрғындар.

Ал, Түркістан облысынан 7 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 20 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 70 290 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 13 333 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 56 957-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша,1 051 адамның жағдайы ауыр, ал 278 пациенттің халі өте ауыр. 143 науқас өкпені жасанды тыныс беру аппаратына қосылған.

Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 7 300 062 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 6 161 154 адам салдырды. Ал Шымкентте 484 994 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 400 687 тұрғыны алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 835 578, II компонентін 660 954 адам салдырған.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына тоқталсақ, «жасыл» аймақта Түркістан облысы, сары белдеуде Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау мен Алматы облысы және Шымкент қаласы тұр. Ал қалған өңірлер «қызыл» белдеуде.