Декларациялаудың бірінші кезеңі аяқталды

65

Елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі аяқталды. Жыл басынан бері лауазымды мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары мүлкін жария ету науқанына қатысқан болатын.

Оған сай, жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, әуе және теңіз кемелері, көлік құралдары, арнайы техникалар, шетелдік банктердің есепшотында сақталған қаражат көрсетілуі керек еді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, декларацияны 500 мыңдай адам тапсырды. Ал үлгермегендерге айыппұл салынбақ. Енді келесі болып мүлкін мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері мен олардың жұбайлары жария етуі тиіс. Екінші кезең 2023 жылы басталады.

Шынар Оразова