Ө.Шөкеев: «Алдымызда Жолдаудағы айқын бағыттарды іске асыру міндеті тұр»

131

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша облыс активімен кездесті.

Аймақ басшысы жиналысқа қатысушыларға Жолдаудағы жеті басты басым бағыттар мен нақты атқарылатын жұмыстарды айқындап берді. Сөзінше, 2025 жылы жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 99 %-ға жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, осы жылы жалпы 444 елді мекенге газ тартылған.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі: «2021 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 79 пайыздан 87 пайызға жететін болады. Ал 25 жылға дейін 99 пайызға жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Ағымдағы жылы 444 елді мекенге табиғи газ тартылды. Қамту көрсеткіші 52 пайыз болып тұр. 21 жылдың қорытындысымен орталықтандырылған ауыз сумен жалпы 717 елді мекен қамтылды. 25 жылға толық 100 пайыз қамтыламыз деген жоспар бар».

Жиында бірқатар баяндамашылар жарыссөзге шығып, Жолдау аясында берілген тапсырмалар мен атқарылатын жұмыстар жөнінде өз ойларын ортаға салды.

Алишер Сатыбалдиев, «Жанубий Қозоғистон» газетінің директоры: «Бұқаралық ақпарат құралдарының әсіресе, мерзімді басылымдардың потенциалын толық пайдалануымыз керек. Газет беттерінде Жолдауды қолдау бастамалары бойынша жаңа айдарлар ашылып, сала мамандарының пікірі көптеп берілуі керек деп ойлаймын».

Аймақ басшысы 3 ауысымды мектеп мәселесін шешу мақсатында облыста 78 мектептің құрылысы жүріп жатқанын алға тартты. Биыл 44 мектептің құрылысы аяқталады. 5 жылда 134 жаңа мектеп салу жоспарлануда.

Жиын соңында облыс әкімі Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы міндеттерді сапалы жүзеге асырып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Әлихан Файзханов