Онколог мамандар форумда өз тәжірибелерімен бөлісті

181

Шымкенттік онкологтар Ресейдің Грозный қаласында өткен халықаралық форумда өз тәжірибелерімен бөлісті. Онкология көшбасшыларының форумы – медицинадағы аз инвазивті тәсілдерді қолданып, оны емдеу әдістеріне енгізу мақсатында ұйымдастырылған.

Жиынға қатысқан Шымкент қаласының дәрігерлері айтулы емдеу тәсілдерін қолдану бойынша шетелдік мамандармен тәжірибе алмасты. Шымкенттегі онкология орталығынығының химиотерапия және эндоваскулярлық онкология бөлімінің меңгерушісі Дауранбек Арыбжанов форумда бағдарламалық баяндама жасады.

Сонымен қатар, қазақстандық мамандар халықаралық жиында эндоваскулярлық операциялар жөніндегі өз тәжірибесімен де бөліскен. Аталған форум шеңберінде жас ғалымдар арасында сайыс ұйымдастырылып, жас онколог мамандар Мадияр Өмірбаев пен Сардар Алметов үздік деп танылған.

Гүлдана Дәурен