Елімізде өткен тәулікте 2 693 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 125-і Шымкентте, 37-і Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 3 905-ке жетіп отыр. Оның 72-і Шымкенттік тұрғындар.

Ал, Түркістан облысынан 20 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 23 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 66 215 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 11 653 пациент стационарға жатқызылған.

Ал, 54 562-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 962 адамның жағдайы ауыр, ал 239 пациенттің халі өте ауыр. 131 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 7 408 957 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 6 289 238 адам салдырды.

Ал Шымкентте 498 803 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 408 181 алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 855 637, II компонентін 683 067 адам салдырған.

Мөлдір Ибадуллаева