Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің инспекторлары полиция аға лейтенанты Ж.Полатов пен полиция лейтенанты Қ.Арысбаев қызмет атқару кезінде қаладағы кафелердің бірінде төбелес шыққаны туралы хабарламаға барады.
Аталған жайт ағымдағы жылдың 25-қыркүйек күні түнгі сағат 00:10 шамасында орын алған. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан қаруға ұқсас затты анықтап, төбелескен азаматтарды Абай ауданы Полиция басқармасына жеткізеді. Тексеру амалдары жүргізілуде. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде олардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.
Өз кезегінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда.