«Тіл-татулық тірегі» тақырыбында қалалық форум өтті

96

Ә. Навои атындағы №11 мектепте «Тіл-татулық тірегі» тақырыбында қалалық форум өтті. Форумның мақсаты — мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды насихаттау, тіл- татулықтың, достықтың тетігі, тәрбиенің көзі, халықты біріктірудің маңызды факторы екнін өскелең ұрпаққа ұғындыру.

Бір ай бойы орта білім беретін мектептердің ұстаздары тілді меңгерудегі жаңа әдістерға қанықты. Шебер сабақтарында тәжірибе жинақтаған олар білімдерін өскелең ұрпаққа жеткізетін болады.

Негматжан Алметов,  М.Әуезов атындағы ОҚУ профессоры, педагогика гылымдарының докторы: «Көп тіл білу-жаһандық талап. Сондықтан неғұрлым адам көп тілді білсе,  сол тілдегі дүниелермен түп нұсқасында танысады. Ол керемет мүмкіндік береді. Мәселен әдебиет, ғылыми-техникалық туындылар және де өзге жобалардың 82 пайызы ағылшын тілінде  үсынылған. Ана тілін білу шарт, алайда өзге де тілдерді  меңгеру жарқын болашаққа жол ашады».

Шынар Оразова