Түркістан: Жыл басынан бер 821 той-жиын тоқтатылған

151

Түркістан облысында мобильді топтар мен полиция қызметкерлері жыл басынан бері 821 отбасылық жиын, мерекелік іс-шараланы тоқтатқан. Әшкере болған жиындардың жартысынан көбі қоғамдық тамақтану орындарында өткен.

Ал облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіні қазіргі уақытқа дейін 69 шұғыл хабарлама түскенін аййтады. Және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына карантин режимін бұзған 56 нысанның жұмысын тоқтату бойынша талап арыздар өткізілді.

Соттың шешімімен 35 қоғамдық орындардың қызметі уақытша тоқтатылып, 21 талап арыз қаралып жатыр. Ал соңғы аптада 178 баянат тіркеліп, 70 жеке тұлғаға айыппұл салынды.

Айта кетейік Түркістан облысында карантин режимі талаптарының орындалуын бақылау бойынша мобильді топтармен мониторинг жұмыстары жалғасуда.

Жанерке Хумар