Ыстанбұлда қазақтардың кіші құрылтайы өтті

171

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ыстанбұл қаласында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Жаһандану өркениетіндегі қазақ әлемі» атты кіші құрылтайы өтті.

Алыстағы ағайынның алқалы мәжілісі басталмас бұрын жергілікті билік өкілдері мен кіші құрылтай делегаттары және қала тұрғындары түрік пен қазаққа ортақ тұлға Мұстафа Өзтүрік атындағы саябақтың ашылу салтанатына қатысты.
Саябақ Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Ыстанбұлдағы Бас консулдығының ұйытқы болуымен жасалған.

Ашылуда Ыстанбұл қаласының 800 мың халқы бар Бағжылар ауданының әкімі Локман Чағырыжы, Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков сөз сөйлеп, даңқты спортшының ескерткіші орнатылған саябақтың лентасын қиды.

Іс-шараға М. Өзтүріктің қарындасы Перихан мен Германияда тұратын қызы Неслихан да қатысты.