Зейнетақы қорынан жинағының бір бөлігін алатындар азайып жатыр. Ақпанда тұрғындарға берілген ақша 640 млрд. теңгеден асса, өткен айда мөлшері 5 есеге азайып, зейнетақы қорынан 118 млрд. теңге азаматтарға берілді.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, тұрғын үй сатып алуға және жөндеуге 1 млрд. 765 млн теңге жұмсалған. Алайда сарапшылар қордан қаржы алатындар қайта көбеюі мүмкін екенін айтады. Оны баспана алу үшін депозитке ақша жинау туралы Президент бастамасымен байланыстырып отыр.

Бұған дейін елде 190 мың отбасы зейнетақы қорындағы артық ақшасын «Отбасы банкіндегі» жинағына аудара алатыны хабарланған.

Шынар Оразова