1 топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамға жәрдемақы төленеді. Сенатта азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері туралы заң жобасы қаралды.

Аталған құжатта күтушілерге жаңа жәрдемақы төлеу, балаларға мүгедектік тобын 7 жастан беру қарастырылған. Бұдан бөлек, мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығы берілген.

Сенаторлар екінші оқылымда мақұлдаған заң жобасы елдегі 400 мыңға жуық азаматтың құқығын қорғауға мүмкіндік береді.

Шынар Оразова