Úı Jańalyqtar Жол бойындағы қызмет көрсету орындары көбейеді

Жол бойындағы қызмет көрсету орындары көбейеді

Енді жол бойында кафе секілді өзге де қызмет көрсету орындары көбеюі мүмкін. Өйткені, келесі жылдан бастап жол бойында бизнес ашамын дегендерге Үкімет көмектескелі жатыр.

Яғни, дәмхана немесе жөндеу орталықтарын салатын болсаңыз, құрылысқа кететін қаржының жартысы мемлекет тарапынан өтелмек. Қазір еліміздегі жолдарда қызмет көрсететін 1700-ден астам нысан бар. Бұл жеткіліксіз. Әрі олардың 37 пайызы талапқа сай емес.

Сондықтан мұндай қолдау жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырады деген үміт бар. Әрі осы шаруаның іске асуына қарай әкімдіктердің рейтингін жасау жоспарланып отыр.

Шынар Оразова