Жолдың «жыры» бітер емес…

303

«Қатын көпір» шағынауданының тұрғындары шу шығарды. Сөздерінше, Қ. Сәтбаев көшесіне жол салып береміз деген жауаптылар бірнеше жылдан бері халықты бос уәдеге сендіріп келеді екен.

Биыл көктемде сол маңдағы 8 көшенің жетеуіне асфальт төселген, алайда оқушылар мектепке қатынайтын нағыз керек орталық жолдың әлі де шаңы шығып тұр.

Ристай Тұрғылов, тұрғын: «Міне 4-5 жыл болды, еш айтқанды істеп бермейді. Жылда әкімшілікке барамыз, бізді қайтарып жібереді. Былтыр біз желтоқсанда барған едік, бізді әкім орынбасары жақсы қабылдады. Ол айтты ендігі жылы көктемде 8 көше қалған дейді, 8 көшені істеп береміз деді осы көктемде. Кейін көктем келді, 7 көшені істеді, біздің көше қап кетті».

Әлихан Файзханов