Ақша айырбастау орындарына қатысты талап күшейеді

68

Елде ақша айырбастау орындарының иелеріне қатысты талап күшейеді. Ұлттық Банк тиісті қаулы жобасын дайындады.

Жаңа ереже көлеңкелі нарықта ақша айырбастайтындармен күресу үшін енгізілмек. Сонымен бірге оффшорлық аймақтағы азаматтарға елдегі валюта пункттеріне келуге шектеу қойылады.

Ал 500 000 теңгеден аса соманы өзге валютаға айырбастаған жағдайда азаматтың жеке мәліметтері арнайы тізімге тіркеледі. Түзету енгізілген қаулы жобасы 1 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылады.

Шынар Оразова