Банктерге тексеріс жүргізіледі

52

Қаржы нарығын реттеу агенттігі екінші деңгейлі банктердің қаржылық тұрақтылығын бақылау үшін тест өткізуді бастады.

Тексеріс әзірге пилоттық режимде бірнеше банкке жүргізіледі. Агенттіктің Ұлттық банкпен бірлескен стресс-тестілеуі қазан айынан бастап 2022 жылдың наурыз айына дейін жалғасады.

Бұл банктердің капитал мөлшерін, несие портфелі мен депозиттері, жалпы ішкі қаржылық саясатын тұрақты түрде бақылап, бағалауға мүмкіндік береді.

Агенттік өкілдері пилоттық режим пысықталған соң, бағалауды келер жылдан бастап жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Шынар Оразова