Баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке алудың бірыңғай ережесі бекітіледі

87

Елімізде баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке алудың бірыңғай ережесі бекітіледі. Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасы қазір дайын.

Бұған қоса, тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталаған мемлекеттік қолдау тетіктері де кеңейтіледі. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Президент Жолдауын іске асыру шараларына арналған брифингте мәлімдеді.

Сонымен қатар, зейнетақы қорындағы жеткіліктілік шегінен асатын жинақты «Отбасы банкіне» депозитке аударудың нормативтік базасы әзірленіп жатыр.

Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
«Президент сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлерді ұсынудың жаңа тетіктерін енгізуді тапсырды. Біздің ұсынысымыз мынандай: жеке меншік құрылыс компаниялары баспананы өз қаржыларына салады. Нарықтық жағдайда жалға беру құнын белгілейді. Ал мемлекет жалға алу құнының ставкасын субсидиялайды».
Шынар Оразова