Бидай өсірушілер баж салығына қарсы

85

Бидай өсірушілер БАЖ салығына түбегейлі қарсы. Егер салық енгізілсе егіншілер 307 миллион доллар табыстан қағылады деп санайды.

Олардың есебінше, былтыр бұл тәжірибені Ресей қолданып көрді. Соның кесірінен қарапайым шаруалардың табысы 2 миллирд долларға азайды. Оның үстіне елде астық өтпей қалады деп алаңдайды. Нарыққа жаңа ережені енгізу ежелден келе жатқан сауда әріптестерімен қатынасты үзуі мүмкін. Олар арзан нарық іздеп кетеді. Сонда Қазақстан бидайды да, ұнды да сататын ел таппай қалады деген пікірде.

Биыл қыркүйектің өзінде бидай экспорты былтырмен салыстырғанда 30 процентке кеміген. Астық өсірушілер одағының ресми өкілі Евгений Қарабановтың айтуынша, қазір бидайдың құны шегіне жетті.

Шынар Оразова