Елімізде өткен тәулікте 1 551 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның 38-і Шымкентте, 31-і Түркістан облысында тіркелген.
Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 2 052-ге жетіп отыр. Оның ішінде Шымкенттік тұрғындар жоқ екен. Ал, Түркістан облысынан 25 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында.
27 қазандағы жағдай бойынша елде 49 938 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 8 854 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 41 354-і амбулаториялық деңгейде емделуде.
Сала жауаптыларының айтуынша, 628 адамның жағдайы ауыр, ал 130 пациенттің халі өте ауыр. 101 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 212 313 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 7 393 113 адам салдырды. Ал Шымкентте 545 073 тұрғын екпе қабылдаған.
Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 506 855-і алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 965 899, II компонентін 870 789 адам салдырған.
Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы жасыл белдеуде. Ал қызыл аймақта Павлодар, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
Мөлдір Ибадуллаева