Úı ANONS Шымкентте Президент тапсырмасымен аудит жүргізіледі

Шымкентте Президент тапсырмасымен аудит жүргізіледі

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Шымкентке аудит жүргізіледі. Әлихан Смайыловтың сөзінше тексеріс екінші жарты жылдықта қолға алынады. Аталған ақпарат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жоғары аудиторлық палата төрағасын қауылдауында белгілі болды. Онда үшінші мегаполистен бөлек бірнеше өңір бюджеті бақылауға алынатыны айтылған.

 

AKORDA.KZ

«Биыл екінші жартыжылдықта 20 мемлекеттік аудитті аяқтау жоспарланған. Оның төртеуі Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша қолға алынған. Яғни Шымкент қаласына, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына, сондай-ақ фармацевтикалық өнім өндірушілерді қолдау тетіктеріне тексеру жүргізіледі».

 

Жоғары аудиторлық палата жыл басынан бері 13 рет бақылау шараларын ұйымдастырып, заңсыздықтар анықталған. Нәтижесінде 128 миллиард теңгені қазынаға қайтарды. Оған қоса, елде бюджет үдерісін реттеу үшін заңнамаға маңызды өзгерістер енгізілді. Енді макроэкономикалық болжамдар жаңа ережемен жасалып, мемлекет қаржысына қазыналық бақылау артты. Ал ең бастысы — төртінші тоқсанда бюджетке түзетулер енгізуге ресми түрде тыйым салынды. Айта кетейік, Шымкент қаласында жыл басынан бергі ішкі аудит кезінде-ақ 43,3 миллиард теңгенің қаржылық заң бұзушылықтары әшкереленген еді.

 

Әсел Мәлік