Мемлекеттік сатып алу тәртібі жетілдірілмек

278

Сенат мемлекеттік сатып алу тәртібін жетілдіруге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Бұдан бөлек, «жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі мен қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев таныстырды.

Аталған құжат 4 негізгі түзетулерді қамтыған. Алдымен, бір көзден сатып алуды қысқарту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді төмендету, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Осы арқылы жер қойнауын пайдаланушылардың, байланысты, автомобиль көлігі мен қорғаныс сатып алуын жетілдіру көзделген.

Шынар Оразова