«Mersedes» маркалы автокөлік өртке оранды

155

Шымкенттік полицейлер көлігі өртенген жүргізушіге дер кезінде көмектесті

Ағымдағы жылдың 4-қазанында Шымкент қаласы Жиделі-Байсын көшесінің бойында «Mersedes» маркалы автокөлігі өртке оранған. Осы сәтте қызметте тұрған тәртіп сақшылары жедел көмек көрсетуге кіріседі. Яғни, өздерінің мемлекеттік автокөліктерінен өрт сөндіру құралын алып, жалынды ауыздықтаған.

Сондай-ақ, оқиға орнына қосымша өрт сөндірушілерді шақыртқан. Осылайша, темір тұлпардың толық өртке орануының алдын алған.

Жедел әрекет еткен полицейлердің осы іс-әрекетінің нәтижесінде, автокөлік жүргізушісінің өміріне қауіп төнген жоқ. Артынша оқиға орнына өрт сөндіру қызметі де келген. Оқыс жағдайға дер кезінде жұмылған Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлеріне автокөлік жүргізушісі шынайы алғысын айтып, разылығын жеткізді.

​ «Үнемі жол үстінде жүргендіктен, түрлі жағдай орын алады. Бірақ өз басыңнан тосын оқиға болған кезде не істеріңді білмей қалады екенсің. Осындай сәтте маған көмекке келген полиция қызметкерлеріне үлкен алғыс айтамын. Еш ойланбастан, өртті сөндіруге барын салды. Өз қызметін мінсіз атқарып жүрген, халыққа жақын тәртіп сақшыларына алғысым шексіз. Жұмыстарыңыз табысты болсын!», – дейді автокөлік жүргізушісі.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі