2028 жылдан бастап, базалық зейнетақыны кепілдік берілген зейнетақы ең төменгі мөлшеріне көшіру көзделген.
Осылайша қазіргі қолданыстағы базалық зейнетақыны есептеу жүйесіне өзгерістер енгізу жоспарланған. Осы жылдың 9 айында базалық зейнетақы төлеуге 615 млрд-қа жуық теңге, ал ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн. 390 млрд. теңге бағытталды. Биылғы 1 қазандағы мәліметке сәйкес, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 99 887 теңгені құрады.
Еліміздегі зейнеткерлер саны – 2 млн. 229 мың адам. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сарапшысы Айгүл Сакееваның айтуынша Зейнетақыны есептеген кезде, күн көру мөлшерінің 54 пайыздан 70 пайызға ұлғайтуды ұсынып отырмыз. Зейнетақыға көшуді 10 жылдан 5 жылға төмендету көзделіп отыр.
Шынар Оразова