Қоғамдық кеңес мүшелері неге наразы?

75

Бүгін Шымкент қалалық қоғамдық кеңес отырысында қызу пікірталас орын алды. Айқай-шу, сандар мен сөздің сәйкеспеуі кеңес мүшелерін ашуландырған сыңайлы. Сынға іліккен Шымкент Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар төрағасы бұл шабуылдар кездейсоқ пайда болмағанын және мұның өз кәсібилігіне еш қатысы жоқ екенін алға тартты.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар төрағасының баяндамасы кеңес мүшелерін қанағаттандырмаған сияқты. Олар сөз басынан бастап Канкин мырзадан нақты және толығырақ ақпар беруін сұрады. Сондай-ақ, олар жер телімдерін беру тәртібіне қатысты бірнеше сауал қойды.

Бауыржан Канкин, «Шымкент ӘКК» АҚ басқарма төрағасы: «Бізде СІМ-де жер учаскелерін инвестициялық жобаларға бере алатын Инвестициялар жөніндегі комитет бар. Бірақ, оларға қарағанда біз жақсырақ орындасақ, онда инвестор бізден жақсы деген қорытынды шығарады. Олар бізге келіп, бізбен жұмыс істеген дұрыс деп айтады. Сондықтан бұл Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жұмысының жақсы көрсеткіші».

Бірақ Кеңес мүшелеріне бұл уәж сенімсіз болып көрінді. Содан кейін залда ӘКК жер учаскелерін беруді аукцион арқылы жүргізу мүмкіндігін қайтару ұсынысы айтылды. Бұл мемлекет пен инвестор үшін де пайдалы болады дейді кеңес мүшесі. Ұсыныс бірауыздан қабылданды.

ӘКК болмағанда мектептер мен емханалар салынар ма еді, ол белгісіз. Осылай деген басқарма төрағасы орасан зор жұмыс атқарылғанын жеткізді. Ал қоғамдық кеңес мүшелері бұл жай ғана сан, олар тапсырылған жұмысты істей алмайды дейді. Жиында газбен жүретін автобустар туралы өзекті сұрақ қойылды.

Бауыржан Қанкин қоғамдық кеңестің мұндай талаптарын негізсіз деп санайды. Ол мұнда жеке бастың өкпе реніштері де болуы мүмкін екенін айтты.

Бауыржан Канкин: «Қаласаңыз жеке айтамын. Қоғамдық кеңес төрағасы маған келіп өтініш айтты, ақыры ала алмай ренжіп кетті».

ӘКК төрағасы медициналық пункт салуды көздеп отырған «Қызылжар» шағынауданындағы стадион туралы сауалға да жауап берді. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жер ресурстарын басқару комитеті тексеріс нәтижесінде жер телімінің заңсыз берілгенін анықтаған болатын. Бірақ Бауыржан Қанкин бәрібір саламыз деп бекініп отыр. Айтуынша, мәселе шешіліп жатыр екен.

Бауыржан Канкин, «Біздің тарапымыздан барлық рәсімдер орындалды, жер қатынастары комитетінің ескертулері бойынша заң бұзушылық анықталды және аталған бұзушылықтар түзетілуде».

Бауыржан Қанкин қоғамдық кеңестің негізсіз сөгістерімен келіспейтінін жеткізді. Ол өзінің барлық міндетін адал атқарып, заңды қатаң сақтайтынына сенімді! Айтпақшы, Бауыржан Қанкиннің, жалақысы 1 миллион теңгені құрайды, ӘКК төрағасы болып тағайындалғанына бір жылдан асты.

Мөлдір Ибадуллаева