Қызметкерлер жалған вакцина құжатын жасаған

98
фото Егемен.кз

Қазығұрт ауданы полиция бөлімшесіне белгісіз азамат хабарласып, аурухана қызметкерлерінің 3 тұрғынға жалған вакцина құжатын жасағандығын айтқан. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 2 аурухана қызметкері анықталды.

Қазіргі таңда оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 385 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өңірлік полиция қызметкерлері, бүгінде олардың заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.

Диана Біржанова